«Қарағұсова синдромы»

640

 

Елімізде барлығы қазақша сөйлейтін болса, шешілмеген мәселе қалмайды деп ойлайды ақкөңіл қазекем. Күні кеше ғана тілашар жасап, мазақ болған «Қарағұсова синдромы» соның айғағы болса керек. Әлбетте, әлеуметтік желіде әртүрлі адам отыр. Барлығы бірдей ойлауға міндетті емес. Десе де өткенде қазақ тілін үйреніп жатқандығы жайлы орысша пост жазған қазақтарды «бастарына шығарған». Қазақ бола тұра қазақ тілін енді үйреніп жатқанына арланбай, намыстанбай, керісінше мақтанып, пост арнап, жұртқа жариялауын түсіне алмаған едік))) Ол қарапайым адам, кәсіпкер, ал Қарағұсова «өзі сайлаған» депутат))) Күлкілі иә?)) Өзі сайлаған депутатты мазақ еткен елді бірінші рет көрдім)) Ал ана көзінің қылилығына дейін пародиясын салған әзілкештің анасының, қарындасының, әпкелерінің, қыздарының өмір жасы ұзақ болсын! Қарағұсованың деңгейіне түспесін!
Мейлі делік, қазақшаға судай, шешеш сөйлейтін депуттар ше? Мәселе шеше ала ма cолар? Тәуелсіздік тарихында Мәжілісте кімдер болмады? Көрнектілердің біраз болды ғой. Күні кеше ғана «Жер мәселесі» туындаған кезде көрдік қой қалай теріс айналғандарын))) Өмірден сабақ алмайды екенсіңдер тегі!))) 

Бауыржан Кариповтың фейсбук парақшасынан




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *