Муаммар Каддафи билігі кезіндегі Ливия қандай болған?

497

Муаммар Каддафидің өлімінен кейін өзі билік еткен Ливия елінде көптеген өзгерістер орын алды. Әлемде Каддафиді үстемшіл және жауыз патша деп есептегенімен, мына таңғаларлық мәліметтерді оқығаннан кейін оның шын мәнісінде қатал әрі рақымсыз болмағандығына көз жеткізесіз.

  1. Ливияда баспаналы болу құқығы адамның орынды құқығы ретінде есептелген. Каддафидің бағдарламалық теориялық «Жасыл кітап» еңбегінде «Тұрғын үй жеке адамның және семьяның негізгі қажеттігі болып табылады, сондықтан өзге ешкімнің иелігі болуы тиіс емес» делінген. Ливия көшбасшысының бұл еңбегі 1975 жылы жарық көрді.
  2. Ливияда білім беру мен медициналық қызмет тегін болған. Каддафи билік еткен жылдарда Ливияда араб және африкалық елдердегі денсаулық сақтаудың озық  жүйесі қалыптастырылды. Егер де мемлекетте қалаған медициналық қызметті немесе білім алуға мүмкіндік болмаса, немесе оның сапасына халықтың көңілі толмаған жағдайда мемлекет аталған қызметтерді шетелден алуға қаржылай мүмкіндік берген.
  3. Каддафи әлемдегі ең ірі ирригациялық жобаның негізін қалады. Әлемдегі ең ірі ирригациялық жүйе мемлекеттің бүкіл аумағын таза сумен қамтамасыз етуге бағытталған. Каддафи «Әлемнің сегізінші кереметі» атаған жүйені Каддафи үкіметі қаржыландырған.
  4. Ливияда ауылшаруашылығы кәсібін ашып, дамытуға барлық жағдайлар қарастырылған. Егер де кез-келген ливиялық фермерлік шаруашылықты қолға алса, оған ешқандай салық төлемінсіз жер, үй және мал берілетін болған.
  5. Аналар нәрестелері үшін әлеуметтік жәрдемақы алған. Сәбилі болған ливиялық әр ана өзіне және баласына 5000 доллар көлеміндегі жәрдемақыға алып отырған.
  6. Электрэнергиясы тегін болған. Яғни электрэнергиясын халық ешқандай ақысыз, тегін қолданған.
  7. Арзан жанармай. Каддафи билігі кезінде жанармайдың 1 литріне 14 цент төленген.
  8. Каддафи білім беру деңгейін көтерді. Ол билік басына келгенге дейін бұл көрсеткіш 25 пайызға тең болған. Яғни ливиялықтардың 25 пайызы білімді болған. Каддафи төрелік еткен жылдары көрсеткіш 85 пайызды құраған. 85 пайыз білімді халықтың 25 пайызында университеттік дипломдар болған.
  9. Ливия мемлекетінің жеке мемлекеттік банкі болған. Ливия өзінің мемлекеттік банкі болған әлемдегі бірегей мемлекет ретінде танылған. Ливиялық азаматтар банктен ешқандай пайызсыз қарыз алу мүмкіндігіне ие болған. Сонымен қатар бұл мемлекеттің сыртқы қарыздары мүлдем болмаған.
  10. Алтын динар. Каддафи Триполидің құлауы мен өзінің тақтан тайдырылған уақытына дейін ортақ африкалық ақша бірлігін еңгізбек болған. Ол африкалық алтын динарды бірыңғай валютаға айналдыруды көздеген. Бұл қадам дүниежүзілік экономиканың астан-кестеңін шығаратын еді. Осылайша Африка мемлекеттері   шикізаттың қымбат, асыл түрлерін сату арқылы кедейлік пен сыртқы қарыздардан құтылатын еді.  Каддафиді тақтан тайдырған  Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымының  (НАТО) көтерілісіне алтын динардың себепкер болғандығы айтылады.

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *