Алматыда БАҚ өкілдері арасында әскери ойындардан жарыс өтті

2376

Алматыда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында әскери — спорттық ойындардан жарыс өтті. Шараны ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің әскери институты басшылығы ұйымдастырды. Бәсекеде бақ сынауға жиырмаға жуық тілші қатысты. Әскери спорттық ойындарға  6 команда атсалысып, әр команда құрамы 3 журналист және бір курсанттан тұрды.
Олар үш кезеңнен тұратын кедергілерді бағындырды.

Бірінші айналым — эстафеталық жарыстан тұрды. Бұл кезең журналистер үшін қиынға соқты. Шарт бойынша қатысушылар аяқтарына шаңғы байлап, химиялық бетпердені бастарына киіп, түтін арасынан кедергілерді бағындырып, мәре сызығына дейін тоқтаусыз жету керек болды. Екінші айналымда — қару-жарақты уақыт көрсеткішімен шашып жинады және қол күрестірді. Ең соңғы, үшінші айналымда  — командалар арасында  арақан тартысты.

Жарыс қорытындысы бойынша, «Қазспорт» командасы бірінші орынды иеленсе, екінші орынды — «Қазақ газеттері» қанжығасына байлады, ал үшінші орынға «Қазақстан патриоты» лайықты болды. Команда мен қатысушылар арнайы сертификат және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жарыс соңында ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің әскери институтының  курсанттары мерекелік кеш ұйымдастырды.

                                                                                             Жанарбек Әлихан

 




One thought on “Алматыда БАҚ өкілдері арасында әскери ойындардан жарыс өтті

  1. Сымбат

    Керемет!!! Кутты болсын женистериниз!!!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *