«Астананың төркіні-Алматы»

233

Алматыда «Ел ордасы-Астана» қалалық жас ақындар айтысы өтіп жатыр. Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астананың 20 жылдығын айтыспен белгіледі.

Жас ақындар байқауына Алматы облысынан 16 ақын іріктеліп алынды. Олардың  төртеуі соңғы мәреде бақ сынайды. Айтысқа қатысушы жас ақындар Астананы жырына арқау ете отырып, әлеуметтік мәселені сөз етулері керек. Байқауда бақ сынаған ақындардың бірі осы үддеден шықса, кейбірі әлі де бабына түсе алмады. Әділ қазылар алдын-ала «Астананың 20 жылдығы», «Мәңгілік ел», «Қазақ тілі мемлекеттік тіл» қатарлы тақырыптар ұсынған екен.

Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасы бөлім басшысы Бақыт Қалымбет жас ақындар арасында айтыс ұйымдастыру арқылы мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және ұлттың мәдениеті мен өнеріне ықылас арттыруға болады деген тұжырымға келді.

«Айтыста Алтынбек  осыдан бәленбай жыл бұрын Құбылайдың тапсырмасымен Бэжинді салған қазақ еді, сондай Бэжинді салған  қазақтың Астананы салмауы мүмкін емес деген тың дерегі қызық болды. Мөлдір деген қызымыз Алматыны Астананың төркіні деген ойы ұнап қалды. Осындай бір ой айтқан ақындар болды. Алда соңғы айналым бар. Таңдаулы 4 ақын керемет айтыс өткізеді деп үміттеніп отырмыз. Бұдан бөлек  «Алтын домбыра» секілді ақындар айтысы өтіп жатады. Оған нағыз жүйріктер қатысады. Ал жастарға кезек тие  бермейді. Солардың өкшесін басқан  жас буынның дәрежесін көтерудің маңызы зор.  Жас ақындардың қанатын қатайтып отыру керек деп ойлаймын»,-дейді Бақыт Қалымбет.

                                                                                                                   Алтын Бейімбетқызы




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *