Серіктестік қызметкерлерін марапаттады

85

28маусым әдеттегідей еліміздегі барлық бұқаралық ақпарат құралдары үшін дәстүрлі мерекеге айналды. Әрбір ақпарат жаршысы өзінің бір жылдық жұмысына есеп беріп, оқырман, көрермен, тыңдармандарының ерекше ықыласына бөленген үздік жобалар мен журналисттер түрлі алғыс хаттар мен марапаттарға ие болды.
Оқырманына адал қызмет етіп, ақ қағаз бен қаламын серік еткен «Қазақ газеттері» серіктестігінің журналистері де жыл сайынғы осы мерекеде арнайы тағайындалатын жүлделерінің иелерін құттықтады. Атап айтар болсақ, дәстүрлі «Алтын қлам» сыйлығы «Мысль» журналының бөлім меңгерушісі Бақытжан Әуелбековке табыс етілсе, «Күміс қалам» жүлдесі «Ана тілі» газетінің журналисті Дәуіржан Төлебаевқа, ал «Қола қалам» «Ұйғыр авази» газетінің бөлім меңгерушісі Шамшидин Аюповқа табысталды. Ал, жастар арасындағы «Қауырсын қалам» номинациясы «Үркер» журналының бөлім меңгерушісі Нұрлан Құмарға ұсынылды. Марапат иелерін және барша әріптестерімізді төл мерекелерімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз! Қазақ қоғамының мүддесін қаламдарыңызға арқау етіп, жақсылықтың жаршысы болыңыздар!

Ізгі ниетпен: «Қазақ газеттері» серіктестігі




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *