Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің атауын өзгерді

152

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің атауын өзгерту жөніндегі Жарлыққа қол қойды, — деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

ЗаңнаЗаңнамалық құжаттың мәтіні төмендегідей:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі — Министрлік) болып аталсын.

2. Министрлікке Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қоғамдық келісім саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілсін.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) жоғарыда көрсетілген мемлекеттік органдардың штат санын қайта бөлуді; 2) осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралардың қабылдануын  қамтамасыз етсін. 4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-тармақта: «Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі;» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі;». 5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының         Президенті                                                                          Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 28 маусым




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *