Дональд Трамп достары мен жаулары туралы айтты

57

 

АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тың Дүниежүзілік сауда ұйымынан шығатынын талқыға салды. Жұма күні өткен жиында Трамп «сауда тұрғысынан жауларымыз емес, достарымыз арқамызға пышақ сұқты, бірақ біз тағы да ақылымызға жүгінеміз. Әр әрекетімізді ойланып, дұрыс шешім қабылдаймыз. Бізді ешкім пайдаланып кете алмайды», — деп мәлімдеді.

«Голос Америки» порталының хабарлауынша, Трамптың бұл ескертпесі – өз заманында АҚШ бастамашы болған халықаралық келісімдер мен Американың одақтастарына ауыр ауыр соққы болмақ.

Трамп Еуро Одақ, G7, НАТО, Дүниежүзілік сауда ұйымдарымен серіктес болудан гөрі тайталасуға ниеттенген сыңайлы. Оның ойынша, сауда аясында өзге елдермен тікелей серіктестік орнату әлдеқайда оңтайлы.

Атланта кеңесінің құрметті мүшесі Александр Вершбоудың сөзінше, Дональд Трамп АҚШ президентінің рөлінен асып, халықаралық тәртіпке соғыс жарияламақ ойда көрінеді.

Екі аптадан кейін Трамп НАТО-ның жыл сайынғы саммитіне қатысу үшін Еуропаға аттанады. Одан бұрын Ұлыбританияға жолы түсіп, премьер-министр Тереза Мэймен кездеседі, кейін Финляндияда Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі.

«Хельсиникидегі кездесу Трамп пен Путиннің арасында жаңа серіктестіктің орнауына мүмкіндік береді», — деген еді АҚШ-тың Ресейдегі елшісі Вершбоу.

АҚШ қаржы министрі Стивен Мнучин президенттің ДСҰ-дан шығуын қолдамайды. Оның ойынша, Дональд Трамп «тым әсірелеп жіберді». Әрі ДСҰ-ның кей аспектілерін «әділетсіз» деп есептейтін көрінеді.

Ақ үйдің заңнама қызметтері бойынша директоры Марк Шорт журналистерге берген сұхбатында АҚШ-тың Дүниежүзілік сауда ұйымынан шығатыны туралы ақпараттан мүлде хабарсыз екенін айтты.

Дүниежүзілік сауда үйі 1995 жылы құрылған. Ол халықаралық сауданы реттеп отыратын жалғыз халықаралық ұйым.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *