Домбыра-асыл мұра

299

13 маусымда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық музыкалық аспап домбыра күнін белгілеу туралы Жарлыққа қол қойған болатын.   Осыған орай  1 шілдеде қазақстандықтар ұлттық домбыра күнін атап өтеді.

Бүгін Астанада «Қазақ елі монументі» алаңында 2 мыңнан аса домбырашының қатысуымен «Домбыра-асыл мұра» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Елбасы да мерекелік концертті тамашалады. Сонымен бірге  Президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады.
«Домбыра  Ұлы Даланың төсінде ерте заманнан бері халқымызбен бірге жасап келеді. Баршаңызды ұлы мұрамызды ұлықтайтын Ұлттық домбыра күнімен шын жүрегімнен құттықтаймын. Менің Жарлығыммен жыл сайын осы айдың бірінші жексенбісі домбыра күні болып аталып өтілмек. Сол Жарлыққа байланысты бүгін тек қана Астанада емес, Қазақстанның барлық аумағында, облыс орталықтарында, қалаларда, аудандарда, ауылдарда да дәл осылай мерекелер өтуде. Домбыра — қазақтың жаны, рухы, тарихы, салт-дәстүрі, бүкіл болмыс-бітімі деп айтуға болады. Ол Ұлы Даланың төсінде ерте заманнан бері халқымызбен бірге жасап келе жатыр. Алтайдан Атырауға дейін барша Қазақстанның даласы  осы домбыраның үнін естіп келеді. Ол бүкіл біздің даламыздың, барлық қазақтың қаны да, жаны да бір екенін нақты білдіреді», — деді Елбасы.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *