Астанада «Қазақстан Барысы» турнирінен белдесу өтіп жатыр

69

Астана төріндегі «Барыс Арена» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» VIII Республикалық турнирі басталды.

Додаға еліміздің 14 облысы және Астана, Алматы қаласы сондай-ақ әскерилер арасында іріктеуден өткен  ең мықты 35 балуан қатысуда. Өткен жылы бәсекеге қатысқан балуандар биыл  іріктеусіз қосылды. Белдесу жеті сағатқа жалғасады. Турнирді «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары  тікелей эфирден көрсетілімге шығарды.

«Қазақстан Барысы»-2018 турнирінің жүлде қоры да қомақты. Жеңімпаз атанған балуанға алтын белбеу мен алтыннан құйылған «тайтұяқ» табысталады. Екінші және үшінші орынға сәйкесінше күміс және қола белбеу тапсырылмақ. Әр белдесудегі жеңіс үшін балуандар 100 мың теңгені қанжығасына байлайды. ІІІ орын алған балуанға 1,8 млн теңге, ал оның бапкеріне 900 мың теңге табысталады. Ал ІІ орын үшін 5,5 миллион теңге, оның бапкеріне 1,8 млн теңге берілмек. Турнирде топ жарған бірінші орын иегері 25 млн теңгеге ие болады. Сонымен бірге оның бапкеріне 3,5 млн теңге тапсырылады.

Дереккөз:baq.kz




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *