ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ АСТАНАЛЫҚТАРДЫ ТАҢ ҚАЛДЫРДЫ

336

Кеше Елорданың төрінде қазақстандықтар  ұлттық домбыра күнін алғаш рет атап өтті және бұл үрдіс болашақта дәстүрлі түрде жалғасын таппақ. Астанада өткен шарада «Қазақ Елі» монументі ескерткішінің алдында екі мың домбыра ұстаған өнер иелері бір мезгілде «Көңіл ашар», «Адай», «Балбырауын», «Ерке Сылқым» және «Сарыарқа» сынды бірнеше танымал күйлерді орындап, оған  танымал музыканттар, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатысты. Олардың қатарында ҚР Мәжіліс Парламентінің депутаты Бекболат Тілеухан, Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов, Қазақстан еңбек сіңірген әртісі Айгүл Үлкенбаева, дрижер Арман Жүлдебаев және басқа күйшілер болды.

Мереке аясында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы астаналықтарды тағы да бір таң қалдырды. Ол алғаш рет домбырамен халық күйін орындады және домбыраны жаңадан үйренушілерге шеберлік сыныбын өткізді. Министр өз сөзінде домбыра қазақ халқының өмірінде ерекше маңызы бар екендігін айрықша атап айтты.

«Барша қазақстандықтарды осынау қасиетті мереке – ұлттық домбыра күнімен құттықтағым келеді. Қазақ халқы үшін домбыра – ұлттық аспап қана емес, оның жаны мен қаны, ары мен бары, қасиеті мен киесі. Домбыра – халықтың қайғы мен мұңын, қуаныш пен шаттығын жеткізе білген сенімді серігі. Ұрпақтан ұрпаққа бабалардың үнін жеткізіп, ұлы даланың сазды сарынын жырлаған да домбыра. Мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанда жыл сайын домбыра күні атап өту туралы қойған жарлығына шын жүректен қуаныштымын. Бүгін қасиетті домбыраны қолына алып, осы мерекені атап өту үшін үлкен-кіші қалаларда халық алаңға күймен шықты. Тек қана Астанада 2000 домбырашылар бір мезгілде бірнеше шығармалар орындаған таңғажайып мерекені Елбасының өзі де тамашалады. Бұл әлі бастамасы ғана! Жылдар өте бүкіл қазақ халқы осы мерекеге бәрі домбыра ұстап, шаттық күйін шертеді деп кәміл сенемін!», – деп мәлімдеді Арыстанбек Мұхамедиұлы.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *