ЖҮЛДЕ ҚОРЫ 20 000 000 ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН «АСТАНА КУБОГІ» АТ БӘЙГЕСІ ӨТЕДІ

246

6 шілде күні Елорда төріндегі «Қазанат» ипподромында бәйге түрлерінен республикалық турнир жалауын көтермек. «Астана кубогі» үшін өтетін ұлттық спорт мерекесі екі қашықтық бойынша (аламан – 25 шақырым, бәйге – 16 шақырым) ұйымдастырылмақ. Бәйге түрлерінен «Астана кубогін» сарапқа салуға республикамыздың барлық облыстары, Астана және Алматы қалалары 2 жүйріктен қоса алады.

Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында өтетін бәйгенің жалпы жүлде қоры – 20 000 000 теңге. 25 шақырымды құрайтын аламан бәйгенің бас жүлдесі – 20 000$-ды құрайды.

Жарысты ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы. Республикалық турнирдің жүлде қорын ұсынушы – Астана қаласы әкімдігі.

Бәйге түрлерінен өтетін республикалық турнир ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы жариялаған «Астананың 20 жылдығына – 20 ұлттық-спорттық іс шара» кампаниясы аясында ұйымдастырылып отыр.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *