Алдағы күндері аптап ыстық басылады

295

Алдағы үш тәулікте Ресейдің Еуропалық бөлігінен жылжыйтын циклонның әсерінен Қазақстанның батыс облыстарындағы ыстық шығысқа қарай ауысады.

4-5 шілде аралығында мұнда кей жерлерде найзағай жарқылдап, өткінші жаңбыр жауады. Сонымен қатар, күшті жел соғып, ыстықтың беті қайтады деп болжанады.

Антициклонның шығысқа жылжуына орай, республиканың солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарында ыстық және құрғақ ауа-райы орын алуы мүмкін. Бұл аймақтардағы күндізгі температура плюс 30…35°С дейін, оңтүстікте және орталықта 37…41°С дейін, әдеттегіден 4…7°С жоғары болады. Атмосфералық фронттардың әсерінен шығыста және оңтүстік-шығыста әлі де найзағай мен жаңбыр сақталады, таулы және тау бөктері аудандарында нөсерлі жаңбыр болуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *