Бәрі де өткінші

216

Көзіңізге кірпік түсіп көрді ме..? Тік қадалып, тіліп жібергендей қылады ғой. Өмірде осындай проблемалар болады. Көлемі көзге түскен кірпіктей ғана… Бірақ басқа нәрсені ойлатпайды. Түкке тұрғысыз екенін білсең де жаныңды қоярға жер таппайсың. Шыбын жаның шығардай, шырқырап кетесің. Уқалай берсең, уақыт өте жасыңа шыланып, өзі-ақ шығады немесе, қасыңдағы адамның көмегімен әп сәтте құтыласың. Адамдармен қарым-қатынастағы кейбір келеңсіздіктер мен келіспеушіліктер сол секілді. Сырттай қарасаң болымсыз дүние, ойлап кетсең, ішің ашып, кеудең тарылады…
Алланың сынағы ғой..!
Бәрі де өткінші!
Ә, дегеннен сабыр қылсақ таудай сауап аламыз, шыдамымыз жетпей шыр-пырымыз шыға берсе, уайымнан басымыз арылар, бірақ сауап та, Алланың берекесі де жоқ… Алла содан сақтасын! Себебі, істің ақыры Алланың қолында!
Біз қалағанымызды сұраймыз, Ол керегімізді береді!

                                                                                                              Мұхамеджан Тазабек




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *