Тимур Сүлейменов: Жыл соңына дейін дәліз төңірегінде боламыз

543

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов инфляциямен күрес жайлы баяндады.

Министрдің айтуынша елімізде инфляция деңгейі қалпын сақтап қалады. Инфляция бағамы басқа факторларға ықпал ететіндіктен қатаң бақылауды талап етеді екен. Атап айтқанда, халықтың әл-ауқаты мен табысына инфляция әсерін тигізеді.

«Бізде жарты жыл бойынша инфляцияның қорытындысы жасалды. Инфляция 5,9 пайыз көрсеткішіне дейін төмендеді. Атап айтқанда, бізде азық-түлік тауарлары бойынша инфляция 0,1 пайызды құрады. Яғни дефляция категориясына шықтық. Егер де өткен жылы өсім 0,7 пайыз болса, биыл 0,1 пайыз деңгейінде. Бұл өз кезегінде айтарлықтай жақсы көрсеткіш. Сондықтан, біздің 2018 жылға межелеген макроэкономикалық индикатор (инляцияның дәлізі 5-7 пайыз деңгейінде) қазіргі кезде орындалып келеді. Біздің ойымызша, жыл соңына дейін осы дәліз төңірегінде боламыз», — деді Тимур  Сүлейменов.

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *