Головкинге қарымтада қалай жеңуге болатыны айтылды

184

Boxingnews24.com порталының шолушысы Дэн Эмброуз өз ескертпесінде орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (49-1-2, 34 КО) алғашқы жекпе-жекте қандай қиындықтарға тап болғанын жазған.

Боксшылардың алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегастағы T-Mobile аренасыда өтіп, тең аяқталған. Биыл қыркүйекте олар қарымта кездесу өткізеді.

Эмброуздың ойынша, Головкиннің Альвареспен алғашқы жекпе-жекте басты қиындақтары мынадай болған:

— Нәтижелі қимылдай алмау;

— Денеге соққы жасай алмау;

— Қол жылдамдығының болмауы;

— Негізінен джеб қана ұру шешімі салдарынан жылдам әрі күшті соққыға қалу;

— Күшті соққыларын мүлт кетіру.

«Егер Головкин қарымтада жеңгісі келсе, жақсы қимылдай алуы керек, өйткені, «Канело» кеш бойы рингте тоқтаусыз қозғалады. «Канело» әр раундтың үш минутында да қозғалмай, бір орында жұдырықтаспайды, өйткені оның бұған шамасы да келмейді. «Канело» қашықтық сақтап жүріп, демалып алады. Егер Головкин оның қасында тұрып, қозғалуға бөгет болса, жекпе-жек басқаша аяқталуы мүмкін. Бірақ «Канелоны» титықтату үшін GGG ұзақ уақыт ауыр соққыларға шыдауы керек болады», — деп жазыпты ол.

Vesti.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *