Eurasia Project байқауының жеңімпаздары анықталды

173

Кеше Eurasia Рroject Мarket байқауының жеңімпаздары анықталды. Байқаудың халықаралық қазылар алқасының құрамында Джим Миллер (АҚШ), Ерлан Нұрмұхамбетов (Қазақстан), Нина Ромодановская (Ресей), Филип Че (Сингапур), Майкл Кэнэнэк (АҚШ),  Евгений Гиндилис (Ресей) секілді әлемдік кинематографияның белді өкілдері болды.

Қазылар алқасы қатысушылардың арасынан үздік деп тапқандар: екі бірінші жүлде –NewYorkFilmAcademy америкалық киноакадемиясына 2 айлық тағылымдама — «Ыстық күн, салқын сыра» атты жоба (Әмір Әменов, Қазақстан) мен «Жалғыз қарағай» жобасы (Дальмира Тілепберген, Қырғызстан). Екінші сыйлық – «Еуразия» халықаралық ХКФ-нің делегациясымен бірге «А» санатындағы фестивальге жолдамасын «Шекара» фильмі (Асхат Кучинчиреков, Қазақстан) иемденді. . Бұдан бөлек, қазылар алқасы «Альчики» (Артур Веэбер, Қырғызстан/Ресей) жобасын ерекше атап өтті.

EurasiaFilmMarket халықаралық кинонарығы XIV халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің аясында Астана қаласында 1 шілде мен 4 шілде аралығында өтетінін естеріңізге саламыз.

Кино нарыққа іскерлік кездесулер өткізу, жаңа жобаларды таныстыру үшін, сондай-ақ тәжірибе алмасу үшін “Syndicado” (Канада), “FilmRepublic” (Ұлыбритания), “AlphaViolet” (Франция), “Filmotor” (Чехия), “JubenPictures” (Қытай), “IRIBMEDIATRADE” (Иран), “Festagent” (Ресей) сынды шетелдік дистрибьютерлік компаниялардың өкілдерімен қоса қазақстандық“Казахфильм”, “Sataifilm”, “NurtasProduction”, “BissembinFilm” және “MGProduction” секілді жетекші компаниялар қатысты.

Іскерлік алаң WyndhamGardenAstana қонақ үйінде орналасқан (Тұрар Рысқұлов көш, 6/1). EurasiaFilmMarket қонақтарына презентациялар, дөңгелек үстелдер, панельдік пікірталастар, мастер-класстар ұсынылады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *