«Нұр Әлем» сферасы оқушылар мен студенттердің жиі келетін орнына айналды

138

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, облыс әкімдіктері мен ҚР «Атамекен» ӨКП арасында үшжақты ынтымақтастық туралы жасалған Меморандум шарттары сәтті іске асырылуда.  Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі хабарлайды. 

Естеріңізге сала кетейік, құжат Қазақстан өңірлерінің оқушылары мен студенттері үшін Халықаралық мамандандырылған көрмесі мұрасы нысандарына мәдени-білім беру турларын ұйымдастыруды қамтиды.

Осылайша, ағымдағы жылдың басынан бастап «Нұр Әлем» сферасын 32 мыңнан астам оқушы мен шамамен 6 мың студент келіп көрген.

Бастапқыда жоба физика, биология және басқа да көптеген пәндер бойынша елордалық гимназияларға ашық сабақ өткізуді көздеген болатын. Осылайша, алғашқы сабақтан бастап-ақ балалардың жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылығы арта түсті. Өйткені, теорияны қарапайым баяндағаннан гөрі, материалды интерактивті түрде жеткізген баланың есінде тез сақталып, тез бекітіледі. Енді, «Нұр Әлем» сферасында ашық сабақтарды Астана қаласы ғана емес, сондай-ақ, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және басқа да облыс мектептері өткізе алады.

Жақында, жасалған Меморандум аясында «Болашақ энергиясы» мұражайын Жамбыл облысының оқушылары тамашалады. Ұлттық компания және мұғалімдермен «Халқымның ұлттық дәстүрлері» тақырыбында және әр қабатта өткізілген шағын экскурсия түрінде ағылшын тілінен ашық сабақтар ұйымдастырылды.

«Жоба аясында Отанымыздың салт-дәстүрлеріне арналған инсталляциялары бар зал үлкен әсер қалдырды. Оқушыларды қызықтырғаны интерактивті ашық сабақ. Балалар алған әсерлерін түрлі түсті қарандаш пен фломастерлердің көмегімен қағаз бетіне түсірді,» — деп Жамбыл облыстық мектеп олимпиадалары мен мектептен тыс іс-шараларды өткізу орталығының әлеуметтік-мәдени бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі Ольга Сагандыкова атап өтті.

Жас суретшілер Сфераның әр қабатында суреттеме орындап, соңында бірінші қабатта тосыннан ұйымдастырылған көрмеде балалардың қылқаламынан шыққан шығармаларымен барлық келушілер таныса алды.

«Нұр Әлем» сферасы 8 қабаттан тұрады. Әр деңгейінде энергия түрлерінің жарқын элементтері мен экспозициялары ұсынылған. Мысалы, екінші қабатта балалар су энергиясын өндіру тәсілдерімен, ал жетінші қабатында ғарыш энергиясымен таныса алады. Бірінші қабатта ұлттық павильон орналасқан, онда әр түрлі ландшафтар, Қазақстанның мәдениеті мен тарихы ұсынылған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *