Дархан Кәлетаев Астананың мерейтойына орай мемлекеттік наградаларды табыстады

146

ҚР Қоғамдық даму министрлігінде Астана қаласының 20 жылдығына арналған салтанатты жиын болып өтті. Іс-шараға министрліктің басшылығы мен қызметкерлері, діни бірлестіктер мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Дархан Кәлетаев жиналғандарды мемлекеттік мерекемен құттықтап, Астана тәуелсіз мемлекеттің гүлденуінің және дамуының символына айналғанын айтты. Бұл туралы ҚР қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Барлықтарыңызды келе жатқан қала күнімен құттықтаймын. Астана — еліміздің жүрегі. Астана барлық армандар орындалатын қала. 20 жыл ішінде елордамыз үлкен белестерді бағындырды. Қаланың қалыптасуы барысында алға қойылған мақсат-міндеттер іс жүзінде жүзеге асты. Астанада еңбек жолын бастайтын жастар үшін өздерін жан-жақты дамытуға және үлкен жетістіктер мен жоғары нәтижелерге қол жеткізуге барлық мүмкіндіктер бар»,- деп атап өтті Дархан Кәлетаев.

Салтанатты шара барысында Дархан Кәлетаев медальдар мен дипломдарды табыстады. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 26 азамат, оның ішінде 9 министрлік қызметкері «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталды.

Атап атйқанда, мерейтойлық медальмен министрліктің жауапты хатшысы Марат Әзілханов, вице-министр Берік Арын, Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы Әлия Ғалымова, Дін істері комитетінің төрағасы Еркін Оңғарбаев, ҚМДБ төрағасы, Бас Муфти Серікбай қажы Ораз, Қазақстанның бас раввині Ешая Элазар Коген, Астанадағы Әулие Мария Рим-католиктік Архиепархиясының архиепископы Томаш Бернард Пэта, Қазақстандағы Евангелистік-Лютерандық шіркеуінің архиепископы Юрий Новгородов, «Аймақ» ҚБ басшысы Айгүл Соловьева, «Астаналық КЕҰ форумы» заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы Баян Ахметжанова, «Ауыл» халықтық демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Толымбек Ғабділәшімов марапатталды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі төрағасының бұйрығына сәйкес «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі Дін істері комитетінің төрағасы Еркін Оңғарбаевқа табысталды.

Бұдан бөлек, мерекеге орай қызметте ерекше нәтижеге қол жеткізген бірқатар министрлік қызметкерлері министрдің грамотасымен марапатталды.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *