Ең әуелі қоғамды сауықтырмай, жемқорлықтан құтылу оңай емес…

215
Елдегі білім мен ғылым реформасына келгенде, барлығымыз Сағадиевке лап қойып жабыламыз. Бірақ, оның идеясы дұрыс, тактикасы қате екенін ешбіріміз айтпаймыз. Қазіргі жоғары білім мен ғылым әбден тоқырауға ұшырап, күйреудің аз-ақ алдында тұр. Мемлекет өз кезегінде «суға кеткен тал қармайды» дегеннің керін келтіріп, оны құтқару үшін өзеннің жағалауында ары-бері жүгірген шарасыз жанды елестетеді. 2010 жылы ғылымды құтқарамыз деп ойлап, дәстүрлі диссертациялық кеңестерді таратып, магистрлық, PhD қос жүйесін таңдады. Онысы коррупцияға белуардан батқан саланы сауықтыра алмады. Алда ғылыми мамандардың вакуумы болып, сұмдық мұқтаждық туғалы тұр. 

Енді, ЖОО саласына жаппай академиялық дербестік беріп, автномиялық жүйе қалыптастырмақшы. Өркениетті елдердің озық тәжірибесін тағы да еш дайындықсыз қабылдай салып, күл талқанын шығаруға жол ашылайын деп тұр. Білім және ғылым министрлігі университеттерге мұндай дербестік беру үшін ең алдымен:
1) қазіргі ұлттық және мемлекеттік университеттерді басқарып отырған барлық ректорларды, ғылыми кеңесі, ректорат аппаратымен қоса түгелдей қызметтерінен босатып, қажет деп тапқандарын құқық қорғау органдарының тексеруіне өткізу керек. Себебі, бұл салада сыбайлас жемқорлық өршіп тұр:
2) әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінде, «Болашақ» бағдарламасымен ғылыми дәреже алған 30-40 жас аралығындағы білікті мамандарды мемлекеттік және ұлттық университеттерді басқаруға тартып, осы саланың менеджментін жетілдіріп нығайту керек;
3) ұлттық және мемлекеттік университеттердің статусымен қатар қазіргі басқару жүйесін де түбегейлі өзгертіп, ЖОО саласын басқаратын барлық лауазым иелерін, профессор, доценттерге шейін әділ сайлаумен тағайындайтын жүйе енгізу қажет. Тіпті, сабақ беретін оқытушыны да пәнімен қоса студенттер еркін таңдауға тиіс;
4) Ғылыми кеңестің құзіреті мен құқығын кеңейтіп, ректор, проректор, декан бәрін шын мәнінде сайлау арқылы тағайындау дұрыс.
Өстіп барып, академиялық дербестік туралы әңгіме айтпаса, былыққан үстіне былыға береді, қазіргі басқарып отырғандар реформаның өңін айналдырып, өкіметті құбыжық етіп көрсетеді де білгендерін істеп отыра береді.

Қуандық Шамақайұлының фейсбук парақшасынан




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *