Астана мерейтойы кезінде болатын мәдени шаралардан құр қалмаңыз

1130

ЭКСПО көрме кешенінде Астана тұрғындары мен қонақтарын Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында атақты әлемдік және отандық жұлдыздардың қатысуымен «Нұр Әлем» сферасында, «Конгресс орталығында» және ЭКСПО жазғы саxнасында өтетін эксклюзивті қойылымдар күтеді, — деп хабарлайды «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Әр жексенбі және мереке күндері «Нұр Әлем» сферасында Мұрат Мұтұрғановтың «Smile» атты шоуымен «Энергия дөңгелегі» цирк қойылымы өтеді. Келушілер «Дөңгелек» — жанрындағы ең үздік әртістердің экстремалды нөмерлерін тамашалай алады. Команда сақтандырусыз жұмыс істейді. «Энергия дөңгелегі» шоуының атақты әртістері Франция, Англия, Ресей және Қазақстанда гастролдік іс-сапарлары сәтті өткен.

Сондай-ақ, Қазақстанда алғаш рет «Нұр Әлем» сферасында 5 мен 29 шілде аралығында Абу-Дабиде Гран-при Формула -1, Ұлыбританияда «iRobo» премьерасында, Рианнамен, Уилл Смитпен және Will.i.am, Сочидегі Олимпиаданың ашылуында өнер көрсеткен танымал әзілкеш, биші, әртіс робот -Титан өнер көрсетеді.

Мұрат Мұтұрғановтың «Энергия дөңгелегі» және «TITAN THE ROBOT SHOW» шоуына қатысу үшін, «Нұр Әлем» сферасына кіру билетін сатып алсаныз жектілікті.

7 шілдеде сағ.20:00-де Сіздер үшін отандық жастардың кумиріне айналған Q-Pop музыкалық жанырының негізін қалаушы «Ninety One» тобы мен «Raim & Artur» дуэті жылдың хитына айналған «Самая вышка» әнімен, және «Джейран» тобы өнер көрсетеді, шараға кіру тегін.

Әр жексенбі күні сағат 13.00 Мұрат Мұтұрғановтың «Smile» шоу-бағдарламасының клоундары, аниматорлары, сиқыршылары мен акробаттары цирк шоуына, және 19:00 — ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен музыкалық спектакльге шақырады. Кіру тегін.

22 шілде күні сағат 18:00-де ЭКСПОның Конгресс орталығында Дима Билан өзінің «Опять 35» атты жеке концертінде өнер көрсетеді. Концертке билет ала отырып, Сіз «Нұр Әлем» сферасына бір реттік тегін кіру мүмкіндігін аласыз.

Мәдени-ойын-сауық бағдарлама түрлі стильді және жанрды сүйетіндердің көңілінен шығатын болады. Қалған қосымша шаралар expo2017astana.com сайтында жақын арада жарияланады.

    




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *