«Мен Астана құрдасымын!» шығармашылық байқауы өз мәресіне жетті

155

Еліміздің бас қаласы Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында «Қазақ газеттері» серіктестігі елордамен қатар ер жетіп, бой түзеп келе жатқан Астана құрдастарының арасында шығармашылық байқау ұйымдастырған болатын. Мақсат айқын, шарт бойынша кез келген әдеби, публицистикалық, немесе фото, видео жанрында Астананың маңызын айқындайтын шығармашылық жұмыстарды қабылдадық. Байқау жарияланған күннен бастап, бір ай уақыт ішінде редакциямызға еліміздің әр түкпірінен 30-ға жуық жұмыс келіп түсті. Әрине, олардың көпшілігі Астана қаласының тұрғындарынан еді. Көңілге қонымды, жүрекке жылы деген үздік жұмыстар сайтымызда жарияланды. Әділқазылар байқауға келіп түскен барлық жұмыстарды саралай келе, бас жүлдеге «Мен Астана келінімін!» деп шығарма жазған Әлімғазы Аяулым Асқарқызы және «Елім менің» өлеңінің авторы, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенті Кайнышева Меруерт Қыдырбайқызы лайық деп тапты. Жеңімпаздар алғыс хаттармен, сондай-ақ, «Ана тілі» газетінің бас редакторы, жазушы Самат Ибраимның қолтаңбасы жазылған және бас қала туралы «Астана» кітаптарымен марапатталды. Ал, байқауға жұмыстарын жолдаған басқа да қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін алғыс білдіріп, шығармашылық табыстар тілейміз! Еуразияның жүрегінде орналасқан бас қаламыз Астананың мерейтойы тағы да құтты болсын, ағайын!

Ұйымдастыру алқасы. 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *