Ләззат Танысбай «Нұр Медиа» холдингінің Бас директоры болды

559

Ләззат Танысбай «НҰР-Медиа» холдингіне басшы болды.

«Жаңа ғана «НҰР-Медиа» холдингінің ұжымына жаңа бас директорды таныстырдым. Бұл лауазымға белгілі журналист, телевидение саласының білікті маманы әрі табысты топ-менеджер Ләззат Мұратқызы Танысбай тағайындалды. Ол  «Qazaqstan», «Хабар», «Астана» телеарнасында қызмет етті. Байланыс және ақпарат вице-министрі болды. «Бұл лауазымдарда Ләззат Мұратқызы масс-медиа саласында дарынды маман және білікті басшы екенін көрсетті. Оның қазіргі лауазымға келуі партиялық холдингтің жұмысына серпін беретініне және оның жаңғыртылуына ықпалын тигізетініне сенімдімін. Біз «НҰР-Медиа» жұмысын жаңа деңгейге шығарғымыз келеді. Ләззат Мұратқызы бұл міндетті атқарып кететініне сенемін. Ол сонымен бірге, «Астана» телеарнасындағы басшылықты жалғастырады», – деп «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев таныстырды.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *