Тайландта суға кеткен кеменің 49 адамы ізсіз жоғалды

439

Бейсенбіде Тайландтағы Фукет аралында қатты дауыл соғып, сел жауды. Салдарынан мұхит бетіндегі кеме суға батып кеткен. Дегенмен сол мезетте екі кеменің біреуі  жағаға жетіп үлгерді. Ал келесі кеме ізсіз кеткен.  Онда Қытай мен Еуропа елдеріне сапарға шыққан саяхатшылар болған. Кейіннен  кемедегі 90-ға жуық адамның 48-і құтқарылды. Олар  Андаман мұхит төңірегінен табылды.  Қазір қалған адамдарды іздестіру шарасы қолға алынды.

Құтқарушы топтың қызметкерлері 49 адамды іздестіру ісін жалғастыра түсті. Алайда ауа райы қолайсыздығы іздестіру амалдарына кесір келтіруде.  Құтқарушылар мұхитқа батқан кеменің табылмайтынын мәлімдеді.

Дереккөз:koreatimes




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *