XIV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ЕУРАЗИЯ» КИНОФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

294

6 шілде күні «Қазақстан» Орталық концерт залында XIV Халықаралық «Еуразия» Кинофестивалінің салтанатты жабылу рәсімі өтті, — деп хабарлайды «Еуразия» халықаралық кинофестивалінің баспасөз қызметі. 

Биыл кинофестивальдің құрметті қонақтарының сапында әйгілі француз актёры Венсан Кассель, югослав және сербиялық кинорежиссёр, кино актеры Эмир Кустурица, «Айка» фильміндегі рөлі үшін 71 Канн кинофестивалінің «Ең үздік әйел актриса» сыйлығын иеленген Самал Есләмова, ресейлік театр және кино актрисасы Равшана Куркова, ресейлік театр және кино режиссері Сергей Пускепалис мен Анна Меликян, өзге де кино жұлдыздар, халықаралық кинофестивальдердің жетекшілері, Еуропа, Азия, Африка, Америкадағы кино саласының белгілі сарапшылары мен сыншылары, мәдениет қайраткерлері болды.

XIV «Еуразия» ХКФ-нің жеңімпаздары — негізгі конкурс бойынша:

1. ГРАН-ПРИ –реж. М. Гарель Вайстың (Франция) «Сауық кеші аяқталды» фильмі;

2. ҮЗДІК РЕЖИССЕРЛІК ЖҰМЫС – Милко Лазаров, «Ага» фильмі (Болгария, Германия, Франция);

3. ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ АРНАЙЫ СЫЙЛЫҒЫ – реж. Мария Хатчанидің (Грузия) «Ана» («Деде») фильмі,

ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ АРНАЙЫ СЫЙЛЫҒЫ – реж. Хидже Джонгтің (Оңтүстік Корея) «Автостоп қуушы» фильмі;

4. ҮЗДІК ЕР АДАМ РӨЛІ – Карим Мирхадиев, «Қайсарлық» (Өзбекстан);

5. ҮЗДІК ӘЙЕЛ АДАМ РӨЛІ – Марта Козлова, «Анна соғысы» фильмі, (Ресей);

Қысқа метражды фильмдердің конкурсы:

1. ГРАН – ПРИ – реж. Суборна Сенжутидің (Үндістан, Бангладеш) «Балықтар монологы» фильмі;

2. ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ АРНАЙЫ НАЗАРЫ – реж. Игорь Поплаухин (Ресей) «Күнтізбе» фильмі.

НЕТПАК таңдауы:

 Реж. Е. Стишковтың (Ресей-Қырғызтан-Польша) «Сүлеймен тауы» фильмі.

ФИПРЕССИ таңдауы:

 Реж. Е. Стишковтың (Ресей-Қырғызтан-Польша) «Сүлеймен тауы» фильмі.

Ел-Арна телеарнасынан ерекше дипломмен қазақстандық режиссер Олжас Ахметовтың «Неделимое» фильмі марапатталды.

Биылғы XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің конкурстық және конкурстан тыс бағдарламасына 1000 өтінім келіп түсті. Орталық Азияны қосқанда, күллі әлемнен Халықаралық конкурсқа – 12 толық метражды картина, Қықса метражды фильмдердің конкурсына – 36 картина, «Керуенге» — 9 картина, «Еуразия жүрегінде» конкурсына – 9 картина, «НЕТПАК таңдауына» — 3 картина, «Бүкіл әлемде» конкурсына – 10 картина, «Ерекше оқиғаға» — 7 картина, «Объектив» — деректі кино бағдарламасына – 12 дееркті фильм келіп түсті.

Конкурстық және конкурстан тыс бағдарламаға барлығы 98 картина кірді. Оның ішіндегі 21 картина Қазақстандық өнім.

Кинофестиваль аясында 2-ші EurasiaFilmMarket кино нарығы өтті. Онда 70 компания қатысты. Оның 30-ы шетелдік болса, қалған 40-ы қазақстандық компаниялар.

Еуразия Жоба Нарығының қорытындысы бойынша қазылар алқасы қатысушылар арасынан екі басты сыйлықты анықтады. NewYorkFilmAcademy американ киноакадемиясына 2 айлық тағылымдамадан өту сыйлығы «Ыстық күн, салқын сыра» (Әмір Әменов, Қазақстан) мен «Жалғыз қайың» (Дальмира Тілепберген, Қырғызстан) жобаларына берілді.

Екінші сыйлық – «Еуразия» ХКФ-нің делегациясымен бірге «А» санатындағы кинофестивальге бару «Шекара» (Асхат Кучинчиреков, Қазақстан) фильміне бұйырды.

Бұдан бөлек, қазылар алқасы «Альчики» (Артур Веэбер, Қырғызстан/Ресей) жобасын да ерекше атап өтті.

2018 жылдың 3 шілдесінде XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің аясында отандық кинематографияның заң жобасы талқыланған дөңгелек үстел болып өтті.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *