Қарттар үйінде «Асқақтатқан қазақ жерін-Астана» атты мерекелік шара өтті (видео)

82

Таяуда Астананың 20 жылдығына орай №3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында мерекелік шара ұйымдастырылды. Оған «Жүректен жүрекке» еріктілер тобы, эстрада әншілері және  Алматы қаласының  Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Әуезов ауданы әкімдігі, Әуезов аудандық ардагерлер кеңесі мен Алматы қаласы мәдениет басқармасының өкілдері қатысты.

Мерекелік шарада  пикник және де жылжымалы  караоке өткізілді. Сондай-ақ эстрада әншілерінің гала-концерті мерекелік от шашуға ұласты.

 

 №3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында 300-ге жуық қарт өмір сүреді. Оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, қолайлы  өмір сүру мүмкіндігі қарастырылған. Қарттардың денсаулығы мен әлеуметтік ахуалы үнемі бақылауға алынған. Мәдени шаралар ұйымдастырылып қоғам өмірімен бірге жасасып келеді. Қарттар үйінде өткен «Асқақтатқан қазақ жерін-Астана» мерекелік шарада оларға құрмет көрсетіліп, сый жасалды.

«Алланың берген жақсылығы. Біз осында Нұрсұлтан Назарбаевтың салып берген үйінде тұрып жатырмыз. Президентіміздің туған күні мен  Астананың 20 жылдығымен құттықтаймын. Мұндағы бастықтар мен қызметкерлердің  бәрі жастар. Соған қарамай бабымызды тауып келеді. Жасы үлкен адамдар болғандықтан әрқайсысының мінезі бар. Жастар бізге сый-құрмет көрсетуден аянған емес. Осы жерге келгеніме де бірнеше жыл болды. Шалым көз жұмғаннан кейін жалғыз қалдым. Біреулер баспанамызды алып қойды. Төрт-бес жыл соттан сотқа сүйреді. Шалым содан қайтыс болды. Солар тегін сертификат берді. Осында алып келді. Өнерде жүрдім. Актриса болып қызмет еттім. Қазір мерекелерде ән айтамын»,-деп сырымен  бөлісті Айымторы Тәспиқызы №3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының тұрғыны.

«Аға ұрпақты құрметтеу, қамқорлық жасау — руханилықтың және қоғамның жоғары мәдениетінің көрсеткіші.Біздің ата-бабаларымыздың жерінде әрдайым дәстүрге деген құрмет, аға ұрпақтардың беделіне құрметпен қарап, даналықтың, әдет-ғұрыптың, халық тарихын нәсихаттау арқылыжас ұрпақты тәрбиелеу. Сондықтан да, ардагерлерге, мүгедектерге және зейнеткерлерге  қамқор болу біздің міндетіміз»,-дейді «№3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» директоры Сыпабекова Р.М.

 

 

 

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *