Теңге бағасы әлсірей бере ме?

786

Шілденің 10-ындағы жағдай бойынша, теңгенің долларға шаққандағы бағамы — 343, 14 теңге болды. Шілденің 9-ында 1 доллардың теңгеге шаққандағы құны — 343,23 тиын болған еді. Демек, теңге 0,9 тиынға қымбаттап, өз позициясын күшейткен.

Теңге бағамының әлсіреуіне я күшеюіне бірнеше фактор әсер етеді. Оның бірі мұнайдың әлемдік биржадағы бағасы болса, екіншісі,  әлемдік валюталардың долларға шаққандағы құнының әлсіреуі. Әсіресе, экономикалық өрісіміз бірдей Ресей валютасының әлсіреуі біздің төл теңгеміздің де әлсіреуіне алып келуі сөзсіз.

Экономиканы болжау агенттігінің болжамы бойынша, шілде айының соңында теңгенің долларға шаққандағы құны — 345-350 теңге көлемінде болуы мүмкін. 2018 жылдың соңына қарай, бұл сома  360-380 теңгеге дейін көтеріледі деп болжануда.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *