Алматыда әлемдегі ең үлкен тиін және 15 басқа да арт-құрылымдар салынады

128

Кеше Алматыдағы «Атакент» көрме орталығының кіре-беріс алаңында британдық суретші Алекс Ринслердің жобасы бойынша жасалған  тиін пішіндес әлемдегі ең үлкен қоғамдық арт-құрылымның ашылуы өтті. Оның биіктігі — 13 метр,   «Алматы – Жылы қала» (ART ENERGY Almaty жобасына кіреді) бастамасының жұмысы, Алматы қаласының әкімдігі қолдаған FUNK креативті агенттігімен жүзеге асырылып отыр. Жалпы алғанда жоба аясында қаланың көшелерінде 16 бірегей арт-құрылым салынады. Олардың ішіне түрлі мүсіндер, инсталляциялар, арт-орындықтар, ашық даладағы кинотеатр, мобильді кітапхана және тағы да басқалар кіреді.

Алматыда салынатын арт-құрылымдар екі кезеңнің нәтижесінде таңдап алынды. Осы жылдың қаңтар айында FUNK агенттігі архитекторлар, суретшілер және урбанисттердің тапсырыстарының арасынан 11 тұжырымдаманы алды. Кейін наурыз айында ашық конкурс өткізілді. Нәтижесінде қалалық әкімдік қалада орнатуға тура келетін төрт тұжырымдаманы таңдады. Қазылар алқасы Алекс Ринслер (қазылар алқасының төрағасы), мүсінші Эдуард Казарян, архитектор Эльдар Хасанов және FUNK агенттігінің жетекшісі, «Astana Art Fest» пен «Art Energy Almaty» фестивальдерінің ұйымдастырушысы Майра Измайлова өз жағынан бес авторға 100 000 мың теңге көлемінде ынталандыратын сыйлық ретінде табыстады.

«Алматы – жылы қала» бастамасының басқа 15 арт-құрылымдарын орналастыру осы мезгілде жоспарланып отыр. Бұл қазақстандық өнер қайраткерлерімен дайындалған жұмыстар. Олар қалада эстетикалық және де пайдалы міндетті атқаратын болады.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *