ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА КӨЛІК САЛАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ БАСТАЛДЫ

132

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті – Елбасы Қорымен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-мен бірлесе оқушылар арасында көлік саласы бойынша байқау жарияланғанын мәлімдеді.

Байқау оқушылардың көлік саласына деген қызығушылығын арттыруға және оқушылардың мамандық таңдауда саналы шешім қабылдауына бағытталған.

Байқау алғашқы рет жасөспірімдердің арасында функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту қажеттілігі аталып өткен Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру аясында 2017 жылы өткізілді.

Байқаудың қосалқы ұйымдастырушылары болып Ұлыбританияның ғылым, техника, технология және басқару салаларындағы көшбасшы ЖОО бірі болып табылатын франк-британдық Крэнфилд ғылыми-зерттеу университеті (Ұлыбритания), сондай-ақ Назарбаев университеті табылады. Конкурстың әріптестері ретінде Эйр Астана Ұлттық тасымалдаушысы және «Samruk-Kazyna Trust» КҚ болып табылады.

Байқаудың қатысушылары ретінде ағылшын тілін жетік білетін, физика-математика және жаратылыстану ғылымдарының саласында олимпиада жеңімпаздары бар, сондай-ақ өздік жобалық жұмыс жасау тәжірибесі бар, Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептердің 16-дан 18-ге дейін жас аралығындағы оқушылар қатысады. Командалар облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктерімен құрылады.

Іріктеу туры 2018 ж. шілденің 24-26 аралығында Астана қаласында өтеді, қорытындылары бойынша ақтық сынға шыққан командалар 2018 ж. 19-26 тамыз аралығында Крэнфилд университетіне (Ұлыбритания) оқу-танысу сапарына аттандырылады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *