Президент «Бурабай» халықаралық шаңғы базасын аралады

417

Елбасы Бурабай курорт аймағындағы жаңа туристік нысандарды аралады. Сондай-ақ, Ақмола облысындағы  «Бурабай» халықаралық шаңғы базасының ашылуына қатысты.

125 гектар жерді алып жатқан«Бурабай» халықаралық шаңғы базасының салынуына  38 миллиард теңге жұмсалған. Спорт кешешніне шаңғы жолы, трамплин, биатлон, жүзу бассейні, дәрігерлік-сауықтыру орталығы, 200 орындық қонақ үй мен асхана кіреді.

Бұл жерде атлеттер жыл бойы жаттығу жұмыстарын жүргізе алады және спорт кешенінде халықаралық деңгейдегі жарыстар өткізуге болады. Нысан барлық халықаралық талаптарға сай жасалған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *