Сессия жұмысына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Елбасымыздың қолдауымен екі ауданның бөлінуі халқы тығыз орналасқан аумақ үшін маңызды екеніне тоқталды.

«Өткен аптадағы Үкіметтің отырысында аталған аудандардың шекарасын бекіту туралы ұсынысымыз қабылданып, бүгін мәслихаттың сессиясында бекітіп отырмыз. Бұл бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. Қайта құрылған Сарыағаш ауданының аумағы 417 мың гектарды құраса, жаңадан құрылған Келес ауданының шекарасы 345 мың 129 гектарды, Жетісай ауданының аумағы 104 мың 600 гектарды, ал Мақтаарал ауданының көлемі 80 мың 760 гектарды құрайтын болады. Осыған орай, аудан әкімдеріне тиісті жұмыстарды қолға алып, ұйымдастыруды тапсырамын», – деді облыс әкімі.