Геннадий Головкин – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы. Ол Қазақстанның жеті дүркін чемпионы, жастар арасындағы әлем чемпионы (2000), ҚР І спартакиадасының чемпионы (2001), Мұнай елдері арасындағы әлем кубогының жеңімпазы (2001), ІІІ Шығыс Азия ойындарының чемпионы (2001), Кәсіпқойлар арасындағы әлем чемпионы (2003), Олимпиада ойындарының вице-чемпионы (2004), WBC, WBA (Super), IBO чемпионы, «The Ring» журналының нұсқасы бойынша барлық салмақ санатындағы үздік боксшы (2017), WBA, WBC, «Boxingnews24.com» белгілі басылымының нұсқасы бойынша 2017 жылғы үздік боксшы.

Сурет inform.kz сайтынан алынды.