Қазақстан мен Ресей арасындағы мәңгілік достық және одақтастық туралы декларацияға қол қойылғанына 20 жыл

145

Қазақстан мен Ресей арасындағы  мәңгілік достық және одақтастық туралы декларацияға қол қойылуының 20 жылдығына орай екі елдің сыртқы істер министрлері құттықтау жолдауларымен алмасып, екі халықтың достығын нығайту мүддесімен көпқырлы ынтымақтастықтың дамуын жалғастыруға сенім білдірді, — деп хабарлайды Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

«Өткен кезеңде Декларация біздің елдердің стратегиялық әріптестігі тетігінің берік негізі болды. Және бүгін Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастар сеніммен және ширақ дамуда, ал өзара ықпалдастық барлық бағыттарда тереңдеуде», — деп айрықша атап көрсетті Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахманов.

Ресей СІМ-інің басшысы өзінің құттықтау жолдауында: «Қазіргі күрделі халықаралық жағдайда мұндай амал бізге теңгерімделген, барынша көп дәрежеде бір-біріміздің мүдделерімізді ескеретін шешімдер табуға мүмкіндік береді», — деп жазды.

1998 жылғы 6 шілдеде екі мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев және Борис Ельцин Қазақстан мен Ресейдің мәңгілік достық дәнекерін «ұлттық қауіпсіздіктің, саяси тұрақтылықтың, ұлтаралық келісім мен екі елдің өркендеуінің кепілдігі» ретінде сақтайтынын салтанатты түрде мәлімдеді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *