«Жан жүрегім — Астана!» жастар шығармашылық фестивалі өтеді

1423

ҚР Қоғамдық даму министрлігінің Жастар саясаты департаменті республикалық жастар ұйымдарымен бірлесіп Астананың 20-жылдығын тойлау аясында елорда Арбатында ашық аспан астында «Жан жүрегім — Астана!» атты жастар шығармашылық фестивалін өткізеді. Бұл туралы  ҚР Қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Фестиваль аясында Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекесіне арналған ашық аспан астында  автошеру флешмобы, шахмат бойынша блиц — турнир, күйді виртуозды түрде орындау, жастар арасында гитарада танымал әндерді орындау, би батлы: лезгинка мен брейк-данс арасында жекпе-жек, қолөнершілер бұйымдарының көрмесін өткізу жоспарланған. Шара Есіл өзенінің жағалауындағы «Арбат Астана» аумағында 12 шілде күні сағат 17:30-да ұйымдастырылады.

Фестиваль сонында «Арбат Астана» аумағында Open Air ұйымдастырылады және әуе шарлары ұшырылып, балмұздақ таратылады.

Іс-шараның мақсаты – жастардың азаматтық және шығармашылық белсенділігін арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында жағымды атмосфера жасау.

Іс-шараға ҚР Қоғамдық даму министрі Д.А. Кәлетаев, Астана қаласының әкімі Ә.Ө. Исекешев, ҚР ҚДМ, қала әкімдігінің, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының өкілдері, республикалық жастар ұйымдарының көшбасшылары және танымал тұлғалары қатысады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, қатысуға ниет білдірген барлық елорда тұрғындары мен қонақтары «Арбат Астана» аумағында өтетін фестивальға қатыса алады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *