Шоу бизнестегі көшірме әншілер

331

Әншілердің репертуарындағы хит әндер бір-біріне ұқсас. Бұл көшірудің бір тәсілі деуге болады. Тіпті кейбір әншілер өзге елдің ғана емес, өз араларында әндерді оңай көшіріп алып жүргені байқалады. Қазақ өнерінде қолдау көрсетудің бір қыры екенін түсіндірген Серікбол Сайлаубек мұны еш әбестік көрмейді. Әсіресе жас әншілер еліктеу арқылы стилін қалыптасырып, өнердегі орнын тауып қана қоймай әп-сәтте жұлдызға айналады. Солардың бірі Ернар Айдар. Ернар сахнаға ән айтып шыққалы бері жұрт оны Қайрат Нұртастың көшірмесі деп жүр. Ернардың репертуарындағы орындайтын әндерінің 90 пайызы махаббат жайлы, тіпті концерттерінің бірінде Нұртастың орындауындағы «Күзгі қайың» әнін орындап шыққаны әлі ел есінде. Ернар Қайраттың киім кию стилін де ұрлап алған деп, «Жұлдыздар жарқырайды» бағдарламасында дәлелдермен көрсетті.

Бұған әнші мақсатына жету үшін еңбектеніп келе жатқанын айтып ақталды. Әріптесіне Қайрат Нұртас бұзаудың басында болатын күндер туралы айтып, ақыл-кеңесін айтыпты.

«Танып тұрса да танымаймын деп бейтарап қараған кездер болды. Оған қарамай еңбектен еңбектен»,-деген болатын дейді Ернар әріптесі жайлы.

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *