Мөңке балығы қырылды

174

Жақында Шығыс Қазақстан облысы Бұқтырма су қоймасында  күннің аптап ыстығынан болып мөңке балығы жаппай қырыла бастады деген мәлімет тараған болатын. Өңірдегі балық шаруашылығына жауапты мамандар лезде орын алған іске шарасыз қалғаны да жасырын емес. Ақырында өңірдегі қырылған балыққа қатысты тексеру амалдары қолға алынған еді.

«Күршім ауданының Торайғыр шығанағынан Мөңке балығының сынамалары алынды. Судың сынамалары алынды. Судың сынамасын экологиялық қызметкерлерімен алынып, судың құрамында ешқандай зиянды қасиет болмады. Мөңке балығын облыстық лаборатория тексеру нәтижесінде коксидия ауруы табылды. Уылдырық шашудан кейін біздегі ерекше ыстықтар біріншіден себеп болды»,-дейді балық шаруашылығының бөлім басшысы Талғат Рахимжан.

Экологтар мен ветеринарлардан тұратын арнайы комиссия құрылып, тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, балықтардан кокцидиоз індеті анықталды. Алайда, «суда еш залал жоқ» дейді мамандар. Суға түсу маусымы жалғаса береді, су қоймасының адам денсаулығына зияны тимейді – дейді балық шаруашылығы мамандары. Балық етін адамдарға жеуге болмайды, тек үй жануарларына қорек ретінде беруге болады. Қазір су қоймаларында балықтардың қырылу көрсеткіші бәсеңдеген. Бүгінде су қоймалары тазартылуда.

Дереккөз: altaynews.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *