Роналду мансабын аяқтайтын клубты таңдады

234

Криштиану Роналдудың ісін жүргізетін агент Жорже Мендеш футболшының ары қарайғы жоспарларымен бөлісті, — деп хабарлайды Football Italia.

10 шілдеде мадридтік «Реал» 33 жастағы Португалия құрамасы шабуылшысының «Ювентуске» ауысатынын мәлімдеген. Роналдудың италиялық клубпен келісімшарты төрт жылға есептелген, келісімшарт құны 110 миллион еуро.

«Ювентус» Криштианудың соңғы клубы болады және ол осындай шешім қабылдағанына қуаныштымын. Ол өзінің керемет мансабын осы клубпен аяқтайды», — дейді Мендеш.

«Реал» Роналдудың орнын басатын ойыншыны тапты

Роналду «Реал» сапына 2009 жылы «Манчестер Юнайтедтен» ауысқан болатын. Испаниялық клуб сапында Роналду екі рет ел чемпионаты мен төрт рет Чемпиондар лигасының үздігі атанған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *