ИНФЕКЦИЯЛАР ЖӘНЕ ШЕТЕЛГЕ БАРУДЫ ЖОСПАРЛАУ

484

Орталық коммуникациялар қызметінде жаз мезгіліндегі аурулардың алдын алуға арналған баспасөз конференциясы өтті. Әлемде қоғамдық денсаулық сақтау саласында төтенше жағдайларға алып келетін инфекциялық аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайсыз.

Қазақстан Республикасының аумағына тырысқақ, күйдіргі, Денге қызбасы, қызылша, дифтерия, менингит, сондай-ақ коронавирустық инфекция сияқты аурулардың әкеліну қаупі бар, соңғы жылдары осы аурулар бойынша әлемнің бірқатар өңірлерінде қолайсыз эпидемиологиялық жағдай қалыптасуда. Тырысқақ ауруының әлемнің әр бөліктерінде жандануы қауіп тудыруда. Тырысқақтың 103 мыңнан астам жағдай тіркелген, олардың 360-ы өліммен аяқталған. Инфекцияның эпдемиясы, өршуі және әкелінуі Азия, Африка, Америкада орын алған. Биылғы жылы Қазақстанда Үндістаннан әкелінген тырысқақтың 5 жағдайы тіркелді, эпидемияға қарсы жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде Қазақстан халқының арасында инфекцияның таралуына жол берілмеді.

Америка, Аргентина, Бразилияда Эбола қызбасының 37 жағдайы (10 жағдай өліммен аяқталды), Сары қызбаның 199 жағдайы (85 өлім жағдайы) тіркелген.

Мадагаскарда обаның 2000 астам жағдайы, Қырғызстанда күйдіргінің 11 жағдайы тіркелген.

ДДҰ деректері бойынша әлемнің бірқатар елдерінде қызылша бойынша эпидемиялық қолайсыз жағдай тіркелуде. Еуропада биылғы жылы 5000 астам жағдай тіркелген, бірнеше өлім жағдайлары туралы мәліметтер бар. Украинада – 20 жағдай тіркелген, олардың 11-і өліммен аяқталған, Грузияда – 668 жағдай, Қырғызстанда – 119 жағдай, Беларусияда – 112 жағдай тіркелген.

Сонымен бірге Украинада дифтерияның 2 жағдайы тіркелген.

Қазақстан Республикасында қызылшамен сырқаттану бойынша жағдай қолайлы, 2 жағдайы тіркелді.

Қызылша – көбіне балалар арасында таралатын жіті инфекциялық ауру екенін есте сақтау керек. Балалардағы қызылшаның белгілері жоғары температура, бөртпе, тамақ ауырады, жөтел және организмнің айқын интоксикациясы болып табылады. ауру өлім жағдайы дейін болатын елеулі асқынулармен өтеді. Жыл сайын қызылшадан 150 мыңнан астам адам өледі, басым көпшілігі 10 жасқа дейінгі балалар.

Қызылша инфекциясының көзі – науқас адам, вирус ауа-тамшы жолымен беріледі және өте жоғары жұққыштығымен сипатталады.

Қызылшадан қорғайтын жалғыз құралдың вакцинациялау екенін ескертеміз. Қазақстанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес қызылшаға қарсы иммундау жоспарлы тәртіппен 1 және 6 жаста тегін жүргізіледі. Қалыптасқан иммунитет аурудан қорғайды немесе жұқтырған жағдайда аурудың жеңіл түрде, асқынусыз өтуіне көмектеседі.

Бірқатар таяу шығыс елдерінде (Сауд Аравиясы, Катар, Біріккен Араб әмірліктері) коронавирус тудыратын вирустық репираторлық аурумен сырқаттанып қалуға болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша әлемде коронавируспен сырқаттанудың 2103 зертханалық расталған жағдайы тіркелген, олардың 733-і өліммен аяқталған. Аурудың ауыр өту қаупіне диабетпен, бүйрек жеткіліксіздігімен, өкпенің созылмалы ауруымен ауыратын және иммунитеті төмен адамдар ұшырайды.

Денге, Зика, Сары қызба сияқты аурулардың тропикалық және субтропикалық елдерде таралғанын және масалардан жұғатынын ескеру керек. Сондықтан негізгі профилактикасы масалардың шағуын болдырмау болып табылады. Ол үшін серуендеуге жеңі ұзын киім, шалбар, ұзын көйлек кию керек. Дененің ашық жерлеріне кремдер, лосьондар, спрейлер және т.б. түрінде шығарылатын репелленттерді (жәдіктерді үркітетін құралдар) жағу керек. Оларды киімге сіңдіруге болады,

москитке қарсы торлар, перделер қолдану керек. Геморрагиялық қызбалар бойынша қолайсыз елдерден қайтқанда дене температурасы көтерілген кезде дәрігерге қаралу керек.

Келесі ережелерді пайдаланып, тырысқақпен және басқа да ішек инфекцияларымен сырқаттанудың алдын алуға болатынын есте сақтау қажет:

— ішуге, көкөніс-жемістерді жууға, тұрмыстық мақсатта қайнаған немесе бөтелкедегі суды қолдану (әртүрді сусындарды салқындату үшін мұзды пайдаланудан бас тартқан дұрыс);

— су объектілерінің (теңіз, мұхит, көл, өзен және т.б.) шикі және термиялық жеткілікті өңделмеген өнімдерін қолданбау, көшедегі және кездейсоқ сатушылардан тамақ өнімдерін сатып алмау. Өз қолыңызбен тазарту (қабығын) керек жемістер мен көкөністерді алуға болады;

— шомылу үшін ұйымдастырылған демалуға рұқсат етілген су қоймаларын пайдалану. Ашық су қоймаларында, жүзу бассейндерінде шомылу кезінде ауызға судың кіруін болдырмау;

— төтенше жағдай туындаған кезде туроператорлар мен турганеттердің туристерге медициналық көмек алуға жәрдесуі тиіс екенін есте сақтау керек.

Республиканың аумағына инфекциялардың әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде шетелден келетін адамдарға қашықтық термометриясын қолдану арқылы мониторинг жүргізіледі.

Қазақстандықтардың шетелге туристік сапарларының көп екенін ескере отырып, әсіресе жаз кезінде сапарды жоспарлағанда баратын елдің эпидемиологиялық жағдайын ескеріп, аса қауіпті және қайтадан пайда болатын инфекциялық аурулардың алдын алу шараларын есте сақтау керек.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз елдерден қайта оралған кезде және аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда міндетті түрде медициналық көмекке жүгінуді сұрайды.

Мүмкіндігінше қолайсыз эпидемиологиялық жағдай байқалатын елдерге барудан бас тартуды ұсынамыз.

Орталық коммуникациялар қызметі




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *