Ұлттық банк «7-20-25» бағдарламасы бойынша қанша ипотека берілгенін жария етті

48

Ұлттық банк «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы бойынша алғашы берілген кредиттер жөнінде ақпарат таратты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап Kazgazeta.kz.

«Ағымдағы жылдың 10 шілдесіндегі жағдай бойынша қазақстандықтар 48,3 миллиард теңгеге 4 651 өтініш берген. Бүгінде 752 миллион теңгеге 63 кредит мақұлданды», -делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Бұдан басқа, жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша серіктес банктердің тізімі жарияланды. Олар — ЦентрКредит банкі, Қазақстанның Халық банкі, Еуразия банкі, АТФБанк, Bank RBK, Цеснабанк және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі.

Айта кетейік, алғашқы жеті ипотека 4 шілдеде Алматы, Астана, Ақтау, Орал және Өскемен қалаларында берілді.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *