Белорусия әспеттеген қазақ әншісі

504

Белорусия президенті Александр Лукашенко «Славян базары — 2018» фестивалінің ашылу салтанатында қазақтың эстрадалық әншісі, актриса, педагог-профессор Роза Қуанышқызына  «Өнер арқылы — бейбітшілік пен түсіністікке» атты арнайы марапатын табыс етті.

Қазақ эстрадасының жарқын жұлдызы әлем халықтарына бірлік пен жақсылық, бақыт тілеп: «Белорусия мен Қазақстанның арасында үнемі жылы қарым-қатынас болды. Біз бұл екі ел арасындағы достықты жылдар бойы сақтап келеміз» — деді.

Сондай-ақ, фестиваль өтіп жатқан Витебск қаласындағы жұлдыздар алаңында Роза Рымбаеваның есімі жазылған жұлдыз ашылды. Халық әншісі өзінің қуанышымен инстаграм парақшасында: «Менің қымбаттыларым! Бүгін Витебск қаласындағы Жұлдыздар алаңында менің есімім жазылған жұлдыз ашылды. Славян базары өнер фестивалінің басшылығына және ел президенті Лукашенкоға осындай керемет фестиваль ұйымдастырғандары үшін алғыс айтамын. Мен бақыттымын! Розаларыңыз қашан да сіздермен», — деп jоқырмандарыменбөлісті.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *