Айтыс жүнін жұлған тауықтай болады

906

Айтыс эфирден тұрақты түрде тоқтатылған емес. Бір кездері шамалы тосқауылдар болған. Қазір эфирден беріліп жатқан айтыстың ойландыратыны басқа. Бір нәрсені тұншықтырған сайын халықтың ынтызарлығы арта береді. Мен білетін қазақ айтысында соңғы он жылда бір сөзі әрі,бір сөзі бері болғаны болды. Бірақ мемлекетті төңкеретін, патшаға  соншалықты қауіп төндіретін, елдігімізге айқын зиян келтіретін сөздерді көрген жоқпын. Керісінше біздің ақындар тұрақтылықты, бір ел, бір жұрт болу немесе әлемдік алпауыттармен Қазақстанның иық тірестіру жолындағы кедергілер  осы сияқты мәселені көптеп қолданады.  Бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан деп айтыс болса алып тастау керек, қиып тастау керек деген жалаңдаған қайшылардың қолына түсіп қалады.  Содан айтыс жүнін жұлған тауықтай болады. Содан кейін халық оны көргісі де келмейді. Негізгі ішіндегі сөлін, құнарын алып тастаған соң әшейін асыранды қаздікіндей қанатың деген бір қиын жағдайға түседі.

Осы олқылықтың орнын толтыру үшін Ерлан Қарин мырза ұлттық арнадан айтыстың көрсетлуін қолға алды. Бұл да қиылды, бірақ басқа айтысқа қарағанда сәттірек, нақтырақ, сауаттырақ қиылып халыққа ұсынылды. Біз оған ренжіген жоқпыз, себебі прайм тайм уақытқа қойылды.

31 арнада кезінде айтыс көрсетілді. Негізі телевизия мен айтысты ажыратуға болмайды. Өйткені, ақындардың ел ішіндегі беделі қалыптасады. Олардың сөзінің өтуі мен  танылуына кешегі кеңес заманында да Тәуелсіздің жылдарында да телеарналардың рөлі үлкен болды. Айтыс идеологияның құралы, телеарналар да ұлттық идеологияның құралы. Осы екі идеологиялық құралды біріктіру арқылы ұлттық идеологияға қол жеткіземіз. «Рухани жаңғыру» десеңіз де, ұлттық бағдар десеңіз де осының ішіне кіреді. Айтыстың алдындағы жөнді-жөнсіз шлагбаумдарды алып, ақындарды сауаттандырып, эфирден көрсетіліп халықты қанағаттандыратындай деңгейге жеткізсек.

Мұндай синкреттік өнер әлемде сирек кездеседі. Мәселен, театрлардағы көрермендер қанша, айтыстың көрермендері қанша отырады. Қызылордада баяғыда бір айтыс болды. Сонда ақындар түнгі сағат екіге дейін айтысып, таңғы сағат жетіде басталған айтысқа келген халықты көргенде пайдалы екенін көргенбіз.. Бір қарағанда, ақындар көлік мініп тарқап кетіп жатқан сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ халықтың жанын, ділін, дінін, осы театр бар бүкіл қоғамдағы түйінді, түйткілді мәселе шешіліп кетпесе де халықтың құлағының құрышын қандырып, халыққа рух береді. Рас кейбір ақындар жадағайдау айтқан кездер болмаса халыққа серпін, айбын береді.  Айтыс қоғамға не береді дегеннен гөрі, біздің қоғам айтысқа қандай көзқараста, тынысын қалай ашып жатыр деген сұрақ көбірек мазалау керек. Қандайбір сыртқы күштердің әсері болмаса, ұлт ретінде шынымен үлкен жетістіктерге мүдделерге қол жеткізетін болсақ, Елбасының айтқан рухани жаңғыруына үлкен қажеттіліктің бір факторы айтыс өнері.

Айтыста цензураның болуы заңдылық.  Мен түсінем, жаңағыдай елдің бірлігіне, тыныштығына сызат түсетіндей қаупі болса міндетті түрде цензура болу керек. Кешегі Жамбылдың да Құлмамбетті жеңуінде «елдікті айт, татулықты айт, бірлікті айт» деген. Сондықтан елдің ынтымағынан артық дәреже жоқ.

Ал бас  ал десе шаш алып, асыра  шолақ белсенділікке салынып, ақындардың айтпаған сөзін айтты қылып, айтқан сөзінің өңін өзгертіп жүрген ортадағы дұшпандардың цензурасымағы цензура емес. Күннің көзін алақанмен жаба алмайсың деген. Бабадан бастау алған айтысқа сауатты цензура қойып, зардабын ақындардан артық байқап түсіндірсе ешқандай өкпе жоқ.

Мұхтар Нияз, айтыскер ақын

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *