Австралиялық әнші қазақтың бүркітші қызына арнап бейнебаян түсірді (видео)

1483

Танымал австралиялық әнші Sia «Angel by the Wings» әнін қазақтың бүркітші қызына арнап бейнебаян түсірді. 

Айшолпан Нұрғайова Моңғолияда тұратын қазақ қызы. Оның бүркітшілік өнеріне тәнті болған танымал әнші клип түсіруге шешім қабылдаған.

Соңғы жылдарда өзінің әнімен бейнебаяны арқылы ерекшеленетін Sia-ның бұл туындысы да көпшіліктің сүйспеншілігіне бөленген.

Айта кетейік, әлем бойынша бүркіт баптаумен айналысатын екі нәзік жанды бар. Олардың екеуі де қазақтың қыздары. Бірі клипке арқау болған Айшолпан болса, екіншісі қазақстандық — Мақпал Әбдіразақова.

                             
 ca-news.org



ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *