Президент жұмыс сапарымен Павлодар облысына барады

321

Нұрсұлтан Назарбаев бүгін түске дейін Павлодарға келеді деп жоспарланған. Президент алдымен бірқатар ірі кәсіпорынды аралайтын болады, деп хабарлайды Kazgazeta.kz ақпарат агенттігі 24.kz арнасына сілтеме жасап.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар мұнай-xимия зауытына да табан тірейді.

Бүгін Елбасының алдында өңір басшысы баяндама жасайтын болады. Осы ғимаратта кеңес өтіп, аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму мәселесі қаралады. Президент аймақтарға жұмыс сапары кезінде әдеттегідей қағаз жүзінде атқарылған шаруаларды өз көзімен бағамдап көреді.

Тиісті тапсырмалар береді. Екі жылдай аймақты басқарып отырған Болат Бақауовқа Президен қандай міндеттер жүктейтіні алдағы уақытта айтуға әзірміз.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *