Баян-Өлгей селдің суына кетті

1094

Толассыз жауған жаңбыр Өлгий тұрғындарын әбігерге салды, деп хабарлайды Дербес арнасының тілшісі Жұлдыз Жұмағұлқызы.

Екі күн бойы жауған жаңбырдың салдарынан көшеде ағын ағып, аулаларды су басып кетті. Халық жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту, тіпті мүмкін емес. Су басқан көшелерде таңертеңнен бастап аймақтық төтенше жағдай қызметкерлері жұмыстап жылғадан аққан суларға бөгеу тұрғызуда. Ал, Әкімшілік не қарап отыр.?-деген сұрақ туындайды. Өкінішке орай қалалық биліктің той торқадан қолы босамақ емес.

Жалпы қала ішін шалшық су басып, ауыл үй тұрғындарының мойындарынан су сорғалап жатқан жағдай бүгін ғана болып жатқан жоқ, жыл жылдағы үйреншікті жағдай. Қынжылатын бір жағдай, қойшының қызы қой келгенде іс тігеді дегендей, кейбір билік басындағылар төтенше аумақтарға мұқият емес. Əбден болары болып бояуы сіңгеннен кейін қимылдау халық үшін деп сайланған басшылардың жауапкершілігін байқатпайды. Бұл деген салақтық.




One thought on “Баян-Өлгей селдің суына кетті

  1. техас

    Фото Жанарбек Ақби дікі авторын көрсетіңдер.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *