Құттықтаймыз!

557

Ақпарат және байланыс қызметкерлері күніне орай еліміздің ақпарат және коммуникация министрлігі «Қазақ газеттері» серіктестігінде қызмет етіп жүрген әріптестерімізді марапаттады. Мәртебелі атаққа ие болғандар: «Tenge Monitor» газетінің  бөлім редакторы – Ботагөз Әбдірейқызы «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталса, «Ақиқат» журналының бөлім редакторы Дина Имамбай Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың Құрмет Грамотасына ие болды. Ұзақ жылдар журналистика саласына сіңірген  айрықша  еңбегі  мен  дамытуға қосқан қомақты  үлесі  үшін «Мысль» журналы бас редакторының орынбасары Сәуле Ахметова «Астана – 20 жыл» мерекелік  медалімен марапатталды.

Әріптестерімізді осындай марапаттарға  қол жеткізгендеріңіз үшін  шын жүректен құттықтаймыз! Дендерінізге саулық, отбасыларына амандық, шығармашылық табыс  тілейміз!

Ізгі ниетпен, «Қазақ газеттері» ЖШС шығармашылық ұжымы

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *