Бүгін бірқатар өңірде күн ыстық болады

139

Кей жерлерде жаңбырмен бірге найзағай болады, бұршақ жаууы ықтимал, тек қиыр оңтүстікте және солтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, шаңды дауыл болады, солтүстікте түнде және таңертең тұман бақыланады.

Жамбыл, Түркістан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл тұрады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең — тұман, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Маңғыстау, түнде Батыс Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Түркістан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық сақталады.

Маңғыстау облысында, Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан,, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *