«Эйр Астана» Skytrax World Airline Awards сыйлығын жеті дүркін лауреаты атанды

826

«Эйр Астана» әуе компаниясы тағы да 4 жұлдызды рейтингісіне және Skytrax World Airline Awards беделді сыйлығы бойынша “Орталық Азия мен Үндістандағы үздік әуекомпания” атағына жетінші рет ие болды. Марапаттау рәсімі 2018 жылғы 17 шілдесінде Лондондағы Langham қонақүйінде өтті.

Skytrax компаниясының әлемдік беделге ие жүлдесі жыл сайын жолаушылардың әуе компания қызметіне қанағаттанушылығы деңгейін өлшеу нәтижесінде анықталады. 10 ай ішінде 19 миллионнан астам жолаушы 10 ай ішінде жердегі және борттағы қызмет көрсету туралы сауалнамаға жауап берген. Сауалнамада тіркелу, отырғызу, салон тазалығы мен ыңғайлылығы, тағамдар мен сусындар, ойын-сауық жүйесі мен борттық қызмет көрсету баға берілген. Зерттеу 200 ірі халықаралық және шағын жергілікті әуетасымалдаушыларды қамтыған.

«Эйр Астана» президенті Питер Фостер: «Біз үшін осы марапатты алу үлкен құрмет. Біздің жұмысымызға осындай баға беру өте маңызды және бағалы, өйткені жолаушыларымыздың дербес таңдауында негізделеді. Біз оларға шын жүректен ризамыз және олармен ұшағымызда қауышуымызға қуаныштымыз. Сондай-ақ, әуекомпания қызметкерлеріне алғыс айтқым келеді. Олар әрдайым жоғары сапалы қызмет көрсету үшін күнделікті жұмысында барын салады. Қызмет көрсетудің одан арғы жоғарғы стандарттарына жету үшін жетілдіру жұмыстарын жалғастырамыз”.

«Эйр Астана» әуе компаниясы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен Британдық BAE Systems-тің бірлескен кәсіпорны болып табылады. Оның 51% «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, ал 49% BAE еншісінде. «Эйр Астана» тұрақты рейстерді 2002 жылдың 15 мамырынан бастап орындап келеді. Қазіргі уақытта компания 60-тан астам халықаралық және ішкі рейстерді орындайды. Компанияның әуе паркінде батыс Boeing 767-300ER, Boeing 757-200, Airbus A320, оның ішінде A320neo және Embraer E190 32 ұшағы бар. «Эйр Астана» ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасында 2012 жылы алғашқы болып беделді Skytrax халықаралық рейтингтік агенттігінің 4 жұлдызына және “Орталық Азия мен Үндістандағы үздік әуе компания” атағына ие болды. Барлық марапаттар 2013, 2014, 2015, 2016, 2017 және 2018 жылдары қайта табыс етілді. Әуекомпания TripAdvisor сайтының Travellers’ Choice Awards 2018 сыйлығының «Аймақтық Азия тасымалдаушысы» номинациясының жеңімпазы.    




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *