Мемлекеттік қуыршақ театры халықаралық фестивальдерге шақырту алды

1051

Мұндай тың ақпаратты Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Мемлекеттік қуыршақ театрының директоры  Т.Есеналиев   өткен брифингте хабарлады. 

Оның айтуынша, 83-ші маусымда Мемлекеттік қуыршақ театрының ұжымы қатарынан бірнеше фестивальдерге шақырту алды. Атап айтар болсақ, IX Халықаралық «Петрушка Великий» (Ресей, Екатеринбург қ.) театр фестивалі, IV Халықаралық «Ассалаумағалейкум» қуыршақ театры фестивалі (Қазақстан, Ақтөбе қ.), үлкендерге арналған VI Халықаралық «Соломенный жаворонок» қуыршақ театры фестивалі (Ресей, Челябинск қ.), VI Халықаралық «Чодари хаел» қуыршақ театры фестивалі (Тәжікстан, Душанбе қ.). Биылғы жылдың сәуір-мамыр айларында еліміздің батыс бөлігінің Ақтөбе, Орал және қала аудандарында, шілдеде елордамыз Астанада, қазан айында Көшетау және Ақмола облысында, қараша айында Жамбыл облысында гастрольдік сапар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұл тұста өнер ордамызға үнемі қолдау білдіріп, кәсіби тұрғыдан кемелденуге, қуыршақ театры өнерінің көкжиегінің қашан да кеңеюіне зор мүмкіндік туғызып отырған Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет және архивтер басқармасы екендігін ескергеніміз жөн. Ұжым тарапына артылған сенім ақталып, жоғарыдағы жоспарлар реті көрерменнің театр өнеріне деген көркемдік талғамын өсіріп, еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына түрткі болары сөзсіз.

Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында гастрольдік сапарларды да жиі ұйымтастырып, өзге қалалардың өнер сүйер жандарына қызықты әрі қызғылықты қойылымдарды тарту етуді дәстүрге айналдырған ұжым сәуір айында елеміздің батыс өңірі, Орал, Ақтөбе қалаларында, мамыр айында Алматы облысының Шу қаласы мен Меркі аудандарында гстрольдік сапарда болса, а.ж. 23-24 маусым күндері ару қала Алматының Астана қаласындағы мәдени күндері аясында Астана қаласында кезекті гастрольдік сапарын ұйымдастырып, елордалықтар мен қала қонақтарының назарына театр репертуарындағы үздік қойылымдар ретін ұсынды.

Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Құралай Ешмұратова атындағы «Құралай» II Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі күні кеше елордамызда аяқталды. Аталмыш өнер мерекесінде 1-4 шілде аралығында Тунис, Босния, Герцеговина, Бельгия, Италия, Польша, Ресей, Түркия, Эстония, Сербия және Қазақстан елдерінің қуыршақтар театрының ұжымдары өнер көрсетті. 1 шілде фестивальдің салтанатты ашылуында театр директоры, мәдениет қайраткері Т.Есеналиев бастаған Мемлекеттік қуыршақ театрының ұжымы салтанатты шеруден өтіп, еліміздің атынан қатысып жатқан өнер ордасы фестивальдің салтанатты шымылдығын театр репертуарындағы режиссер Қ.Ешмұратованың сахналауындағы «Қаңбақ шал» xалық ертегісімен түріп, арнайы дипломмен марапатталды.

Қазіргі таңда театр ұжымы кезекті еңбек демалысына шықпастан жаздай репертуарға сай жұмыс жасап, аптаның жұма, сенбі, жексенбі күндері қала тұрғындары мен қонақтарының назарына қойылымдар ретін ұсынуда. Сонымен қатар, өнер ордасы театр сахнасынан тыс Алматы Мемлекеттік хайуанаттар саябағында да аптаның сенбі, жексенбі күндері кішкентай көрермендеріне қызықты спекткальдерді ұсынып жатқанын хабарлаймын-деп атап өтті Т.Есеналиев.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *