Оқушы сөмкесінің салмағы қанша болуы керек?

537

Шіліңгір  ыстықтың басылатын кезі келді.  Алда жаздың соңғы айы бар.  Әйтсе де тамыз айы қарбаласқа толы болмақ. Ала жаздай демалған мектеп оқушылары дәл осы кезден бастап жаңа оқу жылына дайындық жасай бастайды екен.

Жаңа оқу жылына оқушылар қызу дайындалып, оқуға қажет құралдарды даярлай түспек.  Жақында өткен  жаңа оқу маусымына дайындық тақырыбына арналған баспасөз маслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы  Жандарбек Бекшин осы жөнінде баяндама жасады.

Қазақстанның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері атап өткендей, арқаға асатын сөмкені таңдау кезінде мынадай ұсынымдарды сақтау қажет:

– арнайы қаңқасы, ортопедиялық арқалығы бар сөмке таңдау керек, салмақты және омыртқаға қысымды біркелкі бөліп, баланың омыртқасын бұзбай, оның арқасын тік қалыпта ұстау үшін қатты болуы тиіс;

– иықбаулары баланың иығын қиып кетпеуі үшін жалпақ материалдан болғаны жөн. Тұтқаларының ұзындығы реттелуі тиіс, бала оны тек екі иықбаумен асынуы, бұл ретте баланың мойнына салмақ түспеуі керек.

Ал оқулықтарға келсек, 1-4 сынып оқушыларына арналған оқулық 300 граммнан аспауы тиіс. 5-6 сынып – 400 гармм, 6-7 сынып – 500 гармм, жоғары сыныптар 600 граммға дейінгі салмақтағы оқулықтарды арқалай алады.

Бас дәрігердің сөзіне қарағанда, оқулықтар салмағының шекті шамадан асып кетуі остехондроз, сколиоз, жарық сынды ауруларға алып келуі мүмкін.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *