Қасиетті Құрбан айттың бірінші күні 21 тамызға тура келеді

699

Мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні елімізде демалыс күні болып белгіленген. Соған сәйкес биыл Құрбан айттың бірінші күні 21 тамызға дөп келеді.

Сондай-ақ, 30 тамызда қазақстандықтар Конституция күнін атап өтеді.

Қазақстан Үкіметінің Қаулысымен 2018 жылғы сенбі күніне сәйкес келетін демалыс күндері ауыстырылған болатын. Нәтижесінде, демалыс күні 25 тамыздан (сенбі) 31 тамызға (жұма) ауыстырылып, қазақстандықтар Конституция күніне орай  30, 31 тамыз және 1, 2 қыркүйекте төрт күн қатарынан демалады. ҚР Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес, мереке күндері кезінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.

Дереккөз: 24.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *