Ой тоғыстың бір парасы

320

 

Дәстүр мен жаңашылдық

Орыс ойшылы Константин Леонтьев өзінің «Мысли о литературе» деген еңбегінде «ұлтты құртатын үш нәрсе бар»- дейді. Ол, бірінші — дәстүрсіздік, екінші — космополитизм, үшінші — ассимиляция. Біз бүгінде осының үшеуінде бастан кешіп жатырмыз.Қазіргі о бастағы діни ұғым-түсініктен өрген ( пұтқа табынған(ескі) ел-жұртқа христианствоның (модерн) келуінен басталған) модеріннің жалғасы постмодерннің (постмодернизмнің) басты белгілерінің бірі және бірегейі — әдебиеттегі, жалпы өнердегі де, тіпті, өмірдегі де классикалық — дәстүрлі схемаларды бұзу. Өйткені, ол үшін — жалпы өнердегі әрбір құбылыс — белгілі бір уақыттың жемісі, көрінісі, ал, алдағы уақытқа ол керек емес, қажетсіз. Оны күйрету қажет. Сөйтіп, оның орынына топырақ — негізсіз, қазақша айтқанда, тексіз жаңаны әкелу керек. Беріден тартып, бір ғана мысалға жүгінгенде,бізде — Абай, орыста-Пушкин құбылыс. Міне, сол құбылыстың орынына, постмодерінге салса, басқа жаңа Абай мен Пушкинді әкелу қажет. Модерндік жаңалықтың негізі солай қаланған. Өрісі солай кеңейген.
Сосын, модерн, содан өрген постмодернизм шартты атау. Оның дәл де нақты жаңа дегеннен басқа белгілері, қасиеттері, қағида-шарттары, ерекшеліктері , ережесі, яғни, тек «жаңа» деген атауынан басқа сүйенер териясы, топырақ-негізі жоқ. Оны әртүрлі атайды. Біреулер, » жаңа сана ағымы», «ойлаудың жаңа сатысы» десе, екіншілер» ойлаудың формасы» дейді. «Мәдени кеңістік»,»мәдени-әдеби құбылыс» дейтіндер де бар. Түр, түс, мазмұн-мән іздейтіндер де жоқ емес. Бұл туралы кезінде, Құдай жаңылдырмаса, 1991 жылы «Литературная учеба» журналында үлкен пікір талас, ой бөліс болған. Сонда, оған» ол нақты мынау» деген ой мен пікірді кездестірмедім. Ол туралы Әбіш Кекілбаев ағамыздың оны топырақ-құнары жоқ, дәйексіздікке балайтын сөзі де бар.Ешкім жаңаға қарсы емес, қарсы болуға уақыт тыныс-тіршілігі де мүмкіндік бермейді. Тек, ол жаңаның топырақ-негізі, бұзылмайтын қалыбы болмаса болмайды. Онсыз ол уақыт желі, шуымен бірге кетеді. Сондай-ақ, ол ұлтсыздыққа, дәстүрлі дінсіздікке, ділсіздікке, тілсіздікке, дәстүрсіздікке мұрындық болмауы тиіс. Олай болмау үшін, оның бастауы — этноцентризм принциптері болуы тиіс те, сонымен үйлесімді де үндес болуы қажет. Ал, ұлтты ұлт ететін-этноцентризм. Достарым, мен мұны неге айтып, жазып отырмын, өйткені, соңғы кездері кейбір жастар өздері толық біліп, түсінбейтін терминдерден тұратын «измдерге» әуес. Олар оны күйретуші күшке ие жаңалықтан, жаңадан іздейді. Ал, дәстүрды жоғалту, оны жоққа шығару жоғарыдағы Константин Леонтьев айтып отырған «бірінші — дәстүрсіздік, екінші — космополитизм, үшінші — ассимиляция.» Тым жайдақ жаңашылдықтың, яғни, модерн, содан өрген постмодернизмнің де көксегені сол. Мен содан қорқамын. Тәмат тәмам

Аманхан Әлімнің фейсбук парақшасынан 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *